Қазақстан Республикасы аумағының 287 млн. гектарының 165 млн гектары құмды аймаққа тиесілі.
оның ішінде Қызылорда облысының көп бөлігі құмды аймақта орналасқан. Сары даланы мекен қылған халық қазірде құмнан да зардап шегуде. Ал бұл процесті ауыздықтаудың бірден-бір жолы сексеуіл отырғызу. Бір түп сексеуіл 4 тонна құмды ұстап тұрады.
Сексеуіл ағашын кесуге тыйым салғанына қарамастан, заңсыз сындырып алушылар қатары азаймай отыр.
Осыған орай «Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» сексеуіл ағашын заңсыз кесудің алдын алу және болдырмау жұмыстарын жүргізу мақсатында мобильді топтар құрып, жергілікті тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуді.