Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚҰТҚАРУШЫЛАР СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛДЫ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛДЫ

 

2016 жылдың тамыз айының 10-ы күні 20 сағат 45  минутта ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің кезекшілік диспетчерлік қызметінің кезекшісіне шұғыл хабар келіп түсті. 
Онда Қызылорда облысы ТЖД кезекшісінен Сырдария өзенінің жағасында «Станция маңы» аумағында белгісіз әйел кісі өз-өзіне қол жұмсағысы келгені жөнінде айтылған. Жасақ құтқарушылары аталған мекен-жайға шұғыл түрде шығып кетті. Өз-өзіне қол салу мақсатында суға батып кету әрекетін жасаған. Құтқарушылар және полиция қызметкерлері бірлесіп, щұғыл түрде жас әйелдің өмірі құтқарылып, жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Содан кейін жас әйелдің толық мәліметтері және тұрғылықты мекен-жайы анықталып, өз-өзіне қол жұмсау сипаттағы жағдай бойынша полиция қызметкерлерімен анықталып жатыр. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: