Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 2019 жылы кәсіпкерлікті қолдауға қомақты қаржы бөлінді

Бүгін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үшжылдығының 2019 жылғы қорытындысы бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті.
Жиында өткен жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесі қаралып, 2020 жылға міндеттер айқындалды.
Мәжіліске облыстық басқармалар, қаржы ұйымдары мен осы саладағы мекемелердің басшылары қатысып, қала және аудан, кент, ауылдық округ әкімдері селекторлық байланыс арқылы қосылды.
Аймақ басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы айтты.
«Былтыр облыстың кәсіпкерлік саласына әртүрлі қаржы көздерінен 44 млрд. теңге қаражат бағыттадық. 6 мыңнан аса азаматты мемлекеттік бағдарламалар аясында оқытып, 5 мыңға жуық жобаны қайтарымсыз гранттармен, шағын несиелермен қаржыландырдық. Жалпы мұндай жүйелі шаралар Мемлекет басшысымен қойылған 2025 жылға шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесін 35 пайызға жеткізу міндетін орындау мақсатында іске асырылып отыр», - деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: