Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жалағаш диқандары жүгері егуге көңіл бөлді

Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылындағы "Жансая" шаруа қожалығында сәуірдің 20-нан жүгері гибридтері егіле бастаған еді. Бүгінгі таңда Corteva, Basf компаниясының мамандарымен бірлесіп, күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде.
Шаруашылықтың биылғы жылғы барлық егіс көлемі 546 гектар, оның ішінде дәндік жүгері 52 гектарды құрайды. Одан бөлек күріш, ескі жоңышқа, жаңа жоңышқа бар. Шаруашылықта 13 адам жұмыс жасайды. Күріш тұқымын сақтайтын 1 қойма салынған.
Шаруа қожалық ауылдың абаттандыру жұмыстарына жыл сайын қаржы бөлуде. Аудандағы түрлі мерекелі іс-шараларға, қайырымдылық акцияларына қатысып келеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: