Қызылорда қалалық прокуратурасы кәмелетке толмағандың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына талдау жүргізді. Бұл жайында облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.
Атап айтсақ, «Қызылорда қалалық білімі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органымен қазан – қараша айларына 160 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп - бағуға төленуге тиісті жәрдемақыларынан 594 650 теңге берешек қарызы төленбей, олардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілгенін анықтады.
Орын алған фактіге қатысты қалалық прокуратурамен қалалық білім бөліміне ықпал ету актісі енгізілді. Нәтижесінде, балалардың құқықтары қорғалып, берешек қарыздың төленуі қамтамасыз етілді.