Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Онлайн форматта мемлекеттік қызметшілермен пікірлесті

Адами капитал сапасын арттыру арқылы мемлекет мүддесіне қызмет ететін кадрларды даярлау басты міндет. Бұл ретте ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының білім алушыларының ұсынысына сәйкес облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова онлайн форматта мемлекеттік қызметшілермен пікірлесті.


«Мемлекеттік басқарудың адамға бағдарланған моделі: өңірлік аспект» тақырыбында өткен талқылаулар барысында аймақ басшысы өз әріптестері үшін қандай қасиеттерді маңызды деп санайтынын атап өтіп, Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты. Атап айтқанда, инвестициялық жобалар, халықты әлеуметтік қолдау шаралары және шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру мәселелерін қозғады. 
- Әрбір мемлекеттік қызметші елдік мүдде жолында қызмет етуі үшін лайықты білім алып, барлық қызмет сатыларын өтуі тиіс деп санаймын. Қазіргідей өзгерістер кезеңінде коммуникациялық әдіс-тәсілдерді қолдану, жауапкершілік пен әділеттілікті басты қағидата ету өте маңызды. Мен үнемі өз қызметкерлерімнен сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау, таза әрі адал қызмет ету талабын қоямын. Әрбір азамат жауапты қызметке меритократия қағидаты арқылы қабылдануы қажет. Себебі жергілікті атқарушы мемлекеттік құрылымда жұмыс істейтін маман сатылап өсіп, халықтың қажеттілігін ескере отырып, қоғамға қызмет етуі тиіс деп санаймын, - деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Жиырма минуттық дәріс барысында облыс әкімі мемлекеттік қызметшілерге жүктелетін жауапкершілік, Soft Skills-ті, яғни басқалармен тиімді өзара іс-қимыл жасау дағдыларын, сондай-ақ мақсатқа ұмтылу мен ұстамдылық сынды қасиеттердің маңыздылығына тоқталды.
Ашық кездесу аясында тыңдармандардың сұрақтарына жауап беріп, екіжақты кері байланыс тетігі арқылы бірнеше тақырыпта ой бөлісті.  Аудиториядан 15 сұрақ түсті, басым бөлігі әлеуметтік мәселелерді шешу, инфрақұрылым тарту, жобалық басқару, кадрлық мәселелер, сондай-ақ экологиялық бағытта ой өрбіді. 
Кездесуді тұжырымдаған Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл аймақ басшысына алғыс білдіріп, білім алушылар үшін облыс әкімімен тікелей сұхбаттасу үлкен тәжірибе болғанын атап өтті.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: