Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы аумағына заңсыз кірген төрт Грузия азаматына қатысты әкімшілік іс қаралып, бұл жақын шетел азаматтарын ел аумағынан шығару туралы қаулы қабылданды.
Істің мән-жайына келер болсақ, 12.11.2014 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінде қабылдау барысында, аталған жақын шетел азаматтарының бұрын 15.10.2014 жылғы сот қаулысымен Қазақстан Республикасына заңсыз келуінен, белгiленген мерзiмдерде қайтып кетуден жалтаруынан туындаған ӘҚБтК-нің 394 бабы 3 бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, үш тәулік қамауға алынғандарына қарамастан, 90 күн мерзімі ішінде ел аумағынан өз еркімен кетуден жалтарып, ел аумағына келу қағидасын бұзғаны анықталған.
Сотпен құқық бұзушыларды Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 394 бабы 4 бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартып, үш тәулік қамауға алып, Қазақстан Республикасы аумағынын шығару туралы қаулы қабылданды.