Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АТ СПОРТЫНЫҢ ХАЛІ ҚАЛАЙ?


Ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында үстіміздегі жылы қалада «Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спорт клубы» ашылып, жұмыс жасауда.
Сондай-ақ, биыл облыстық бюджеттен №5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіне 5 жылқы алынса, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №7 Жаңақорған ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің ат спорты бөлімшесіне 8 жылқы сатып алынды.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға ақысыз түрде емдік мақсатта жылқымен ем-дом жүргізу қызметтері көрсетіліп келеді. Көптеген отбасы жыл сайын аталған қызметті үздіксіз алып пайдалануда. Қала тұрғындары үшін ақылы түрде жылқылармен қызмет көрсету қарастырылған. Бұл қызметтің көрсетілу маусымы - наурыз, сәуір, мамыр және тамыз, қыркүйек, қазан айлары. Қалған уақыты жылқыларды емдеу кезеңдері болып табылады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: