Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мұнай-газ саласындағы еңбек мәселесі таразыланды

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен облыстық әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссия отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Балжан Шаменова, құқық қорғау органдарының басшылары, салалық басқарма басшылары мен мұнай-газ компаниясының өкілдері қатысты. 


Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Атап айтқанда, облыстық  еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Төреахмет Жолымбетов аймақтың мұнай-газ кәсіпорындарындағы әлеуметтік-еңбек жағдайы бойынша талдау жасаса, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова Ресей Федерациясының жоғарғы оқу орындарын аяқтаған жастарды жұмысқа орналастыру туралы баяндады.
Қазіргі кезде еңбек ұжымдарында әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және ұжымдық даудың орын алуына жол бермеу мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі. Бұл ретте, мұнай-газ саласына қатысты кәсіпорындардағы еңбек қатынастары мен жалақы көбейтуге қатысты мәселелер бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде. 
Төреахмет Жолымбетовтың айтуынша, аймақта кейібір кәсіпорындарда жалақы мөлшерін көбейтуді талап ету мәселелері туындауда.  Яғни, бүгінгі күнге облыс бойынша әлеуметтік еңбек дауы мен шиеленіс жағдайының орын алуы мүмкін қосымша мәселелерге де талдау жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, «ҚуатАмлонМұнай БК» ЖШС-де, «ТузкольМунайГазОперейтинг» ЖШС-де, СНПС Айдан Мұнай» АҚ-да және «Кazpetrol Group» ЖШС- де еңбек жанжалдарының болуы ықтимал.
Жиналыс барысында облыс әкімі кәсіпорын өкілдерін жеке-жеке тыңдап, компания басшыларына жұмысшылар тарапынан көтеріліп отырған мәселелерді нақты шешілу жолдарын қарап, заң шеңберінде әрекет етуді жүктеді. Бұл ретте әрбір кәсіпорын басшылығы қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын ескере отырып, жұмысшыларға сыйақы беру мүмкіндіктерін қарастыруды және кәсіподақпен бірлесіп оң шешім қабылдауға мүдделік танытуы қажет екенін еске салды. 
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндаған Гаухар Қалмақова бүгінгі күнге Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларындағы жоғары оқу орнын биылғы жылы бітіруші 77 студенттің дерекқоры жасақталғанын айтты. Басым бағытта бітірушілер техникалық маман иелері. 
Жыл басынан 62 рет ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрменкесіне түлектер қатысып, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 9-і мамандықтарына сәйкес жастар практикасына орналастырылған. Солтүстік өңірлерге қоныс аударып, сол жақтағы бос жұмыс орындары бойынша мәліметтер ұсынылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
Қызылорда облысына 2021 жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға 335 бірлік квота бөлінген. Жыл басынан 25 жұмыс берушіге 217 бірлікке рұқсат берілді. Олар басым бағытта бұрғылау және жөндеу, ретке келтіру және сынақтар, өндірісті басқару жөніндегі инженерлер. 
Комиссия отырысында аймақ басшысы бұл бағыттағы жұмыстардың әлсіз жүргізіліп жатқанын ескертіп, облыс әкімі облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы мен ішкі саясат басқармасы басшыларына түлектерді жұмысқа орналастыру ісінде нақты механизм бойынша жұмысты үйлестіріп, жастармен кездесу ұйымдастыру арқылы оларды еңбекпен қамтудың қосымша жолдарын қарастыруды міндетті. 
Берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Балжан Шаменоваға жүктелді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: