Алматыда такси тоқтатқан "көне мысырлықтар" елді күлкіге қарық қылды
Әлеуметтік желіде қолданушыларының көңілін көтерген қызықты видео пайда болды. Көне мысыр халқы секілді киінген төрт адам Алматы көшелерінің бірінде такси тоқтатқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Көпшіліктің ішек-сілесін қатырған бұл видео Instagram желісіндегі ztb_kz парақшасында жарияланған.
Видеода байырғы мысыр халқы сияқты киінген төртеу жол бойында такси тоқтатқан. Оны сол жолмен кел жатқан автокөлік ішіндегілер байқап, "Бауырым, қайда?" деп сұрайды. Сол сәтте көлік тоқтатқан жігіт "Каирге дейін 500 теңге" деп жауап берген.
"Алматы жолдарының жаңалықтары. Жігіттер Каирге дейін такси ұстап тұр... Бұл қандай қалжың?", - деп жазды парақша әкімшілігі.
Ал роликті көрген оқырмандардың көбісі еріксіз күлгендерін түрлі смайликтер арқылы білдірген. Дегенмен бұл қалжыңды сәтсіз әрі алдын-ала дайындалған қойылым дегендер де табылды.
"Түсіруге алдын-ала дайындалған ба?", "Қойылым", "Ойлау қабілеттері жақсы жігіттер", "Бірден пирамидаға ұстамады ма, 1000 теңгемен алып кетуші еді", "Тоңбады ма екен?", "500 алтын беріп қалар мүмкін", "Оларды Астанаға, пирамидаға апарып салу керек", - деп жазды оқырмандар.