Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СЫРДАРИЯДА АУЫЛДЫҢ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 

«Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» партиялық жоба аясында өткен дөңгелек үстел тақырыбы «Ауыл: келешегі мен дамуы» деп аталды.
Шараға нұротандықтармен қатар ауыл шаруашылық құрылымдарының жетекшілері, өз кәсібін ашуға ниетті азаматтар және кәсіпкерлер және кәсіпкерлік саласының мамандары қатысты.
«Елбасының халықты жұмыспен қамту жөніндегі тапсырмаларын мүлтіксіз орындау мақсатында бүгінде Сырдария ауданында нақты шаралар жүзеге асырылып келеді. Түрлі ашық есік күндері, мен акциялар нәтижесінде  жыл басынан бері аудан бойынша 36 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы Абзал Әбдіқайымов есімді ауыл тұрғыны мал шаруашылығымен айналысу үшін 3 млн. теңге несие алып кәсібін дөңгелетуде», - деп атап өтті сөз барысында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Омаров.
Шара барысында ауыл тұрғындарына шағын несиелер алудың шарттары мен мемлекеттік қолдау түрлері туралы ақпараттар беріліп, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді. Мәселен,ауыл тұрғыны  Ғ.Жармедетов кәсібін ашуға қажетті 3 млн. Теңге көлеміндегі  несиені  алу үшін қандай кепілдік шарттарды орындау керектігін сұрады.  Бұл сұраққа аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының бас маманы  А.Баймбетова жауап беріп,«кәсіп ашуға берілетін 3 млн теңге көлеміндегі несиені  алу үшін азаматтың иелігінде 6 млн. теңгелік кепілдеме болуы шарт екенін» жеткізді. 
Сондай-ақ жиын барысында жеке кәсіпкер Б.Хамитов сөз алып,партия тарапынан жасалып отырған қолдауларға ризашылығын білдірді. Ол өз сөзінде «алдағы уақытта дакәсібімізді дөңгелетіп,халықты арзан бағадағы өнімдермен қамтамасыз етуге және  кәспкерлікті  дамытуға  жұмыс жасайтындығын» атап өтті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: