Қаналы мешіті Қызылорда қаласына қарасты Абай ауылынан солтүстікке қарай 35 шақырым жерде орналасқан.
Мешіт пен минарет бір-бірінен 2 метр арақашықтықта орналасқан. Мұнара биіктігі 3 м. Сыртқы қабырға қалыңдығы – 60 см. Мешіттің жоспардағы өлшемі – 15,9х8,5 м. Қабырға биіктігі – 4 м. Құрылыс аумағы – 544 куб.м. Минарет көлемі – 87,6 куб. М. Бұл аталған ескерткіш зерттеуді және қайта қалпына келтіру жұмыстарын қажет етеді.
Қаналы – Жаппас руының Қараша аталығынан шыққан, жиырма бес жасында болыстыққа сайланған адам. Қаналы елге сыйлы әрі жайлы болып, жиырма жыл бойы «Айнакөл» болысын Қазақ даласына даңқын шығарады. Қаналы мешітінің салынуы шамамен 1880 жылдарды меңзейді.
Ел арасында «Ақша керек болса Қаналыға бар, ақыл керек болса Жаналыға бар» деген сөз ағайынды Қаналы мен Жаналының ел алдындағы беделінің, еңбегінің айғағы деуге болады.
Қаналы 45 жасында Үш Жүздің басы қосылған үлкен жиында көз тиіп қайтыс болады. Ол кісінің сүйегі Қостанай өңіріндегі «Орқаш» деген жерде, «Бесмола» қорымында жерленген. Бұл кез 1926-1927 ж.ж. меңзейді. Мешіт жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған.