Қармақшы ауданындағы Төретам кентінде кәсіпкерлік өрістеп келеді.
«Ажар Сити» сауда үйі биылғы жылы жұмысын бастады. «Ажар Сити» сауада орталығы азық-түлік өнімдерін төмен бағада Байқоңыр қаласы мен Төретам кентінің тұрғындарына ұсынып отыр.
Сондай-ақ, «Мир-2001» ЖШС құрылыс материалдарын өндіру зауыты жұмыс жасауда. Бүгінгі таңда өңірімізге брусчатка мен тротуарларға арналған плиталар, бордюрлар, пластик терезелер мен есіктер шығаратын зауыттың жұмысы қарқынды жүруде. Сонымен бірге таза ауыз су шығарып өнімдері тұрғындар тарапынан үлкен сұранысқа ие болып келеді.