Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Байқоңырда көпқабатты тағы 5 тұрғын үй салынады


Бұл туралы бүгін Кызылорда облысының әкімі Қ.Ысқақов облыстық Қоғамдық кеңес алдындағы есебінде мәлімдеді.
Байқоңыр қаласында тұрып жатқан азаматтардын әлеуметтік-экономикалық жағдайы ерекше назарда. Соңғы 30 жылда алғаш рет «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2019 жылы 50 пәтерлік 5 үй берілді, тағы да 5 үйдің құрылысын бастау жөнінде шешім қабылданды. Жаңа пәтерлерге Ақай, Төретам елді-мекендерінің де тұрғындарын орналастыруды жоспарлануда. 2019 жылдың қазан айында қаланың барлық көппәтерлі үйлерін (20427 пәтер) табиғи газға(газ төлемі 16 есеге арзандады) көшіру аяқталды, бұл өз кезегінде қаланың әлеуметтік ахуалына оң әсерін тигізуде.
"Алдымыздағы 3 жылда қаланың су және кәріз желілерін жаңғырту және қайта құру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жылу тарифтерін төмендету мақсатында Байқоңыр кешені бойынша Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысына Байқоңыр қаласының жылу жүйесін дамыту мәселесін қарау туралы ұсынысты енгізуді жоспарлап отырмыз",- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: