Аудан әкімінің өкімімен 10 наурызбен 10 мамыр аралығы ауданда көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық айлығы болып ресми түрде жарияланды.
Осыған байланысты аудан әкімдігінде аудан әкімі Абзал Мұхимовтың төрағалығымен жиын өтті.
Тазалық айлығы барысында көркейту, көгалдандыру мәселесі аудан әкімдігінің үнемі назарында болатынын айтқан Абзал Сансызбайұлы Арал қаласындағы 5 мөлтек аудандарған жауапты қызметкерлер мен тазалықты қамтамасыз етуге жәрдем беру үшін кәсіпкерлердің техникаларын бөліп көрсетті.