Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аралда облыстық форум болып өтті

 Аралда облыстық форум болып өттіҚызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Арал ауданында «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» атты облыстық форум болып өтті. Бұл жайында аудан әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.
Форумның негізгі мақсаты – елімізде орын алып жатқан түрлі адасушылықтардың алдын алып, халықтың діни тұрғыдағы сауаттылығын арттыру. Аталмыш шараға теолог, PhD докторы, профессор Ахмад Әл-Амир Мұхамед Жахин және облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары М.Балабаев, облыстық орталық мешіттің имамдары, аудандағы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, мешіт имамдары, ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдар, мектеп директорлары мен мұғалімдері және дінтанушы мамандар қатысты.
Шара барысында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары М.Балабаев «Зайырлылық – елді біріктіретін басты құндылық» тақырыбында, профессор Мұхамед Жахин «Ғаламтордағы діни ағымдардан сақтану жайын», Арал аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Жанұзақов «Аудандағы діни ахуалды», философия ғылымдарының докторы Б.Қожамберлиев «Зайырлы білім-рухани даму кепілі», «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Б.Ұлжаев «Дін – мемлекеттің рухани тірегі» тақырыптарында баяндама оқыды.
Тақырыптарға байланысты форум аясында қатысушылар тараптан сұрақтар қойылып, дін мамандары тұшымды жауаптарын берді. Теологтар жиналғандарды теріс бағыттағы ағымдармен бүкіл қоғам болып бірлесе күресуге шақыра отырып, зайырлы қоғамдағы дінаралық татулықтын қағидаттарын, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі ұстанымды берік ұстануды насихаттады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: