Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЛА ӘКІМІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


Бүгін бекітілген жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ҚАЛА ӘКІМІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ өткізілді.
Отырыс барысында үш мәселе қаралып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.
Атап айтқанда,
- Қалалық білім бөлімінің қала мектептерінде мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкестігі және дұрыс орналастырылуы туралы;
- Ақсуат ауылдық округінде мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау бойынша атқарылған шаралар туралы;
- Қалалық мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның 2018 жылы атқарған жұмысы туралы және 2019 жылға арналған жұмыс жоспары туралы есептер тыңдалды.
Жиын барысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 1-бабына өзгеріс енгізіліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында бейнеленген «ҚАЗАҚСТАН» жазуы латын графикасындағы «QAZAQSTAN» жазуына ауыстырылғандығы айтылды.
Бұл өзгеріс үстіміздегі жылдың 1 қарашасынан бастап күшіне еніп, Мемлекеттік Елтаңбадағы «ҚАЗАҚСТАН» сөзі латын графикасында «QAZAQSTAN» болып стандарттың барлық мәтіні бойынша енгізілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: