Қуат Хамитов атышулы видео жариялағаннан кейін алғаш рет пікір білдірді
Танымал қазақстандық MMA боксшысы Қуат Хамитов өзін полиция тұтқындаған кейін алғашқы рет оқиға жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
"Біз үшін отан мен халық бірінші орында болуы керек", - деп жазыпты Хамитов Instagram желісінде.
Еске салайық, бұған дейін "Найман" лақап атымен белгілі қазақстандық боксшы әлеуметтік желіде жаппай тәртіпсіздікке шақырғаны үшін полиция бөліміне жеткізілгені айтылған еді.
Полиция мәліметінше, егер заңбұзушылық дәлелденсе, ол үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.