Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫЛЫҚ АҒАЙЫНДЫ ЖАС ӘНШІЛЕРДІҢ ЖЕТІСТІГІ

ҚАЗАЛЫЛЫҚ АҒАЙЫНДЫ ЖАС ӘНШІЛЕРДІҢ ЖЕТІСТІГІҚазалы ауданындағы №266 мектеп-лицейде шығармашылыққа бет бұрған өнерлі оқушылар көптеп саналады. Солардың бірі - ағайынды Дәулет және Марғұлан  Естерек. Олар бала кезінен түрлі шараларда өз өнерлерін ортаға салып жүрген дарынды оқушылар.
Жуырда қос өнерлі оқушы Семей қаласында өткен Қазақ Хандығының 550, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығы және Шоқан Уәлихановтың 180, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығының құрметіне арналған «МӘҢГІ ЕЛ, ҚАЗАҚСТАНЫМ» атты оқушылардың республикалық фестиваліне «Вокал» номинациясы бойынша қатысты.
«Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі ұйымдастырған байқауда жерлестеріміз жергілікті ақын Ж.Табынбаев пен сазгер Ж.Жансаповтың «Ерліктің қос қанаты» атты әнін дуэт арқылы орындап жүлделі БІРІНШІ ОРЫНДЫ иеленді. Жас әншілердің бойындағы өнерді байқап, баптай білген мектеп-лицейдің музыка жетекшісі - Рысмамбет Мақтагүл.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: