Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Гендерлік саясаттың дамуы мен маңыздылығы

Гендер (ағылш. gender) – қоғамдағы адамның жүріс-тұрысын анықтайтын әлеуметтік жыныс.
Биологиялық айырмашылыққа емес, қоғамның әлеуметтік ұйымына бағынышты ерлер мен әйелдер қызметінің теңдігін белгілейді.
Гендерлік саясат әйелдерге тең қол жетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет. Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі принциптері ерлер мен әйелдер үшін Қазақстан Республикасындағы Конституциясымен кепілдендірілген тең құқықты және бостандықты орнатады. Гендерлік ерекшеліктің негізі мынада жатыр: ерлердің бастауы-үстемдік ету, ал әйелдер – бағынушы. Барлық мәселе осыдан шығады. Бірақ гендер-биологиялық ерекшеліктеріне қарағанда өте күрделі құрылым. Жыныстық биология, гендерлік ұқсастық, гендерлік идеалдар жыныстық ұқсастықтың бірнеше бөлігінің компонентінен тұрады. Гендер екі жыныстылардың, яғни өз кезегінде бір жыныстың екінші жынысқа жататындығына байланысты белгілі бір әлеуметтік рөлдерін орындауындағы айырмашылықты физиологиялық, психилогиялық даму ерекшеліктерінің анықтамасын сипаттайды. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, отбасының функционалдық беріктігі деңгейіне гендерлік қатынастар моделі елеулі әсер етеді. Гендерлік теңдік деңгейі жоғары болған сайын, отбасы мүшелерінің өздерінің тұрмыстық, экономикалық, адамгершілік-тәрбиелік, қорғаушылық және басқада маңызды функцияларын орындауда жауапкершілігі, тепе-теңдігі мен нәтижелігі жоғары болады.
Осылайша, заманауи берік отбасының қалыптасуына жағдай жасау және гендерлік теңдікке қол жеткізу қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың ажырамас процесі болып табылатыны айқын.


М.Жакупова, Қызылорда қаласының №2 сотының
бас маман сот отырысының хатшысы
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: