Қызылордалық Малика Имамзадаева өткен жылы кәсіпкерлік мақсатта 555 мың теңге қайтарымсыз грант иеленіп, «Qazaq brand» тігін шеберханасын ашқан. Өнімдеріне сұраныс жоғары. Ортопедиялық жастықтар, арнайы формалар, көйлектер тігеді. Сондай-ақ, қалыңдық жасауын дайындайды.
– Ателье жұмысын бастағанына бір ай болды. Тапсырысқа қарай жұмыс жасаудамыз. Мұндай көрмелер жергілікті жас қолөнершілерді қолдауға септігін тигізеді. Біз секілді жұмысын енді бастаған кәсіпкерлер осы арқылы өз өнімдерін көпшілікке таныстыруға мүмкіндік алады, – дейді ол.
Кестелеп тігілген, өрнектеп безендірілген бұйымдар да осы көрмеден табылды. Ұлттық нақыштағы киімдер мен зергерлік заттардың бірнеше нұсқасы қойылды. Тұрғындар өзіне ұнаған бұйымдарын арзан бағада сатып алды.