Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Құрылыс материалдарын шығарады


Қызылордада құрылыс материалдарын шығаратын «Нұр-строй» ЛТД-ның өндіріс қуаттылығы артып келеді. Іргесі кеңес үкіметі кезінде қаланған зауыттың жұмысы тоқсаныншы жылдары біршама тұралады. 2005 жылы 1 шілдеде «КСМиК» ЖШС құрылыс материалдарын дайындау және конструкциялау комбинатының базасында қайта құрылды.
Бүгінде зауытта бетон құю, темір бұйымдарын дайындау, электр жөндеу, механикалық жөндеу және шикізат цехтары жұмыс жасайды. Жылына 60 мың текше метр түрлі темір-бетон өнімдерін шығарады. Оның ішінде өнеркәсіптік, аза­маттық және ауыл шаруашылығы құрылысына, су шаруашылығына қажетті барлық өнімдер бар.
– Өздеріңіз білетіндей, қауіпті індетке байланысты төтенше жағдай уақытында жұмыс тоқтады.
Құрылыс жұмыстарына рұқсат алысымен іске қайта кірістік. Қазір біздің өнімдерге сұраныс жоғары. Тәулігіне орта есеппен 100 текше метр бетон өнімін шығарып отырмыз, – дейді зауыт басшысы Әбдуәлі Әбіләзім.
Ішкі нарықты толық қамтып отырған зауыт аймақтағы ірі, қуаттылығы жоғары «Интегрострой», «Промстройсервис-Е», «Асар», «Аман құрылыс», «Келешек» серіктестері, «ЕрАру» ЖК секілді 34 тапсырыс беруші мекемемен тығыз байланыста. Зауытты аралау барысында байқағанымыз, жөндеу шеберханалары, дайын бұйымдар және шикізат сақтау қоймалары, бу қазандықтары, темір­жол тұйығы және құм мен қиыршық тас карьерлерімен жабдықталған. Қазір мұнда 280-дей өнім түрі дайындалады. Олардың қатарында көп бөлімді жабын және таспалық фундамент тақталары, жертөле қабырғаларының блоктары, темір бетонды маңдайшалар, дөңгелек темір-бетон шеңберлері, су жүретін трубалар, жол тақталар, жылу жүретін трассалардың лотоктары, резервуар қабырғасының тақталары, жол жиегіндегі тас тақталар секілді өнімдер бар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: