Жұмыс беруші тарапынан қолданыстағы Еңбек Заңнамалары талаптарына сәйкес, жұмысшылардың құқықтарымен белгіленген талаптарын сақтау керектігі айқындалған.
Алайда, кейбір мекемелер тарапынан заң талаптарын бұзып, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына әкеп соғатындығы анықталуда.
Мысалы, аудан прокуратурасымен Арал қаласының тұрғыны Ж.Қарабаеваның арызы бойынша «Гүлдер балабақшасы» МҚКК-ң қызметінде еңбек заңнамаларының қолданылуына тексеру жүргізілген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 21-бабының 4-бөлігінде әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (әрі қарай - Кодекс) 20 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, еңбек қатынастары қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасында осы Кодекске сәйкес жасалған еңбек шартының негiзiнде туындайды деп белгіленсе, Кодекстің 38 бабының 3 бөлігінде жұмыс берушiнiң кiнәсiнен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиiстi үлгiде ресiмделмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады. Бұл жағдайда еңбек қатынастары қызметкер жұмысқа кіріскен күннен бастап туындады деп есептеледі.
Сондай-ақ, жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған кезде осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасуға, қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге міндетті (Кодекстің 23-бабы, 2-тармағы 2 және 15 тармақшалары).
Алайда, тексеру барысында Ж.Қарабаеваға балабақша меңгерушісінің бұйрығымен жұмысқа қабылданғанымен жұмысшымен жұмыс берушінің арасында Кодекске сәйкес еңбек шарты мүлдем жасалынбағандығы анықталған.Сонымен бірге, Кодекстің 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу, тынығу құқығын қамтамасыз ету, қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі принциптеріне негізделген.
Кодекстің 108-бабының 3-тармағына сәйкес еңбек демалысын қатарынан екі жыл бойы бермеуге тыйым салынады.
Алайда, Ж.Қарабаеваға тиесілі 2011-2012 жылдар, 2012-2013 жылдарға арналған кезекті ақылы еңбек демаласы берілмей, оның конституциялық құқығының бұзылуына жол берілгендігі анықталды.
Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 87 бабында еңбек заңнамаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықтар көзделген.
Осыған байланысты аудан прокуратурасымен заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс келтіріліп, нәтижесімен балабақша меңгерушісі тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.