Қызылордалық Бақмұхаммед Әлімбеттің өмірі жомарт жандардың қолында (ВИДЕО)
Қызылордалық бүлдіршін Бақмұхаммед Әлімбет жүрек бұлшық еті қабынып, қан айналымы мен зәр жолдарының қызметі бұзылған.
Кеселдің салдарынан Бақмұхаммедтің денесіне мөлшерден тыс сұйықтық жиналуда. Дәрігерлер оның жүрегін шұғыл түрде ауыстыру керектігін айтты. Жүрек трансплантациясы Германия және Беларусьта ғана жасалады. Алайда, оған 15 миллион теңгеге жуық қаражат қажет. Ал мемлекеттік квотаны бөлетін арнайы комиссиядан әзірге хабар жоқ. Перзентінің денсаулығына алаңдаулы ата-ана қайырымды жандардан көмек сұраған. Содан бері 1 миллион теңгеден астам қаражат жиналыпты. Бүлдіршіннің болашағы әлі де болса жаны жомарт азаматтардың қолында. Байланыс телефоны: +7 701 617 48 86 Зубайра Усеинова Қазақстан Халық Банкінің реквизиті: РНН: 600200048129 БИК: HSBKKZKX № KZ 306 012 803 100 103 835