Бүгін, 11 наурыз сағат 09:30 уақыты бойынша өңірімізде "Covid-19" вирусын жұқтырғандар қатары 230-ға жетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Тіркелген 1 жағдай Қызылорда қаласынан анықталды.
Айта кетейік, аймағымызда бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясының 230 дерегі тіркеліп отыр.(Қызылорда қаласында –93 жағдай, Жаңақорған ауданы – 31, Арал ауданы – 6, Сырдария ауданы – 26, Қармақшы ауданы – 5, Шиелі ауданы – 66, Қазалы ауданы - 3). Барлығының жағдайы бақылау барысында бірқалыпты.