Қызылорда қаласында ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне ұйымдастырылды. Бұл жайында Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық округтердегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қала кәсіпкерлерінің қатысуымен өткізілген жәрмеңкеге жалпы көлемі 76 млн. 584 мың 500 теңгені құрайтын, 1 мың 506 тонна ауыл шаруашылық өнімдері әкелінді. Қала тұрғындарына ұсынылған өнімдердің бағасы базар бағасынан 15-20 пайызға арзан.
Аймақ басшысы Қ.Көшербаев жәрмеңкеге арнайы келіп, қала көлемінде ұйымдастырылып отырған игілікті шараға оң бағасын берді. Қаламыздың орталығы Астана даңғылының бойына көкөніс, жеміс-жидек, бақша дақылдары және күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері тиелген 150- ден астам көлік орналастырылды. Жермеңкеге келуші қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарламалар халық назарына ұсынылды. Айта кету керек, шаруашылық басшылары және қала кәсіпкерлері өз тараптарынан бірқатар әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына көмек көрсетіп, азық-түлік өнімдерін тегін таратты. Жәрмеңкеге келген қала тұрғындары ризашылықтарын білідріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтуда. Облыс орталығы Қызылорда қаласындағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесі, облысымыздағы барлық аудандардың қатысуымен желтоқсан айына дейін жалғасатын болады.