Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Өзге аудандардан Аралға мал азығы жеткізілді

Бүгін Арал ауданының сағат 10.00-ден бастап Қамыстыбас және Аманөткел ауылдық округтерінің кіре беріс аймағында мал азығына арналған ауылшаруашылығы өнімдері ұсынылуда.
Жәрмеңкеге Қармақшы, Қазалы, Жалағаш және Сырдария аудан әкімдіктері мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының қатысуымен 19 жүк көлігі, оның ішінде 13 тіркемесімен 8 мың дана жоңышқа пресстері мен басқа да жем-шөп түрлері әкелінді. Жем-шөп нарық бағасынан 10-15%  төмен бағада сатылуда.
Сонымен бірге, Қазалы ауданындағы «Мерей» ШҚ 300 дана жоңышқа прессін  Арал ауданындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін тарататын болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: