Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

КӘСІПКЕР АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ЕШКІ БАСЫН КӨБЕЙТПЕК

КӘСІПКЕР АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ЕШКІ БАСЫН КӨБЕЙТПЕК

 

Ешкі сүтінің түрлі аурулардың алдын алу шараларында тиімділігін ескерген жеке кәсіпкер Қаман Жасұлан Швецария және ағылшынның асыл тұқымды Заанен және нубий тұқымдас ешкі малын әкеліп, мал шаруашылығымен айналысуда.
Бұл жөнінде аудандық кәсіпкерлік бөлімі мәлім етті.
Ешкі сүті - жоғары азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады. Жалпы асыл тұқымды ешкі сүтінің адам денсаулығына пайдасы зор. Атап айтқанда, B, B2, C, A және В12 дәрумені кіретін күміс түсті ақ металл 6 есе көп. Сүт майлылығы 4,4 пайыз.
Ешкі сүтінің көптеген емдік қасиеттері бар. Ол қант диабеті, тері және буын, өт жолы, бауырдағы тас, бүйрек, балалардың талма ауруы, асқазан-ішек жолдары, қан қысымы, көз көруінің жақсаруы, мешел ауруымен ауыратын балалардың аяққа тұруына және өкпе ауруларына пайдалы. 
Алдағы уақытта Жасұлан мал басын 2000 басқа жеткізуді жоспарлап отыр. Мұнымен аудан халқын ешкі сүтімен қамтамасыз етіп, денсаулыққа шипа, дертке дауа іздегендерге жергілікті өнімді ұсынуды көздеп отыр. 
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: