Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ауылда кәсіпкерлік көкжиегін кеңейтті

Қазалы ауданының Ақжона ауылдық округінің тұрғыны Гүлжазира Малкайдар 2020 жылы наурыз айында 505 мың теңгелік қайтарымсыз грантты иемденіп, тігін машинасын сатып алған.
Арнайы бұл саланы оқымаса да тігінге қызығатын келіншек енесімен бірге тапсырыс қабылдай бастаған. «Карантин режимі күшейтілген кезде бетпердеге тапсырыс көбейді. Одан бөлек түрлі дизайндағы киімдерді, құрақ көрпелерді тігіп жүрмін. Енем қолдау көрсетіп, екеуміз бірге жасаудамыз», – дейді еңбекқор келіншек. Одан бөлек ауылшаруашылық бөлімінен 3 миллион 400 мың теңгелік несие рәсімдеп, 9 бас жылқы сатып алған ол шаруасын шалқытып, отбасын шаттыққа бөлеп отыр. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: