Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАЛАҒАШТА МАЛ БАЗАРЫ АШЫЛДЫ

ЖАЛАҒАШТА МАЛ БАЗАРЫ АШЫЛДЫ

 

Бүгін «Сыбаға» бағдарламасының қолдауымен Жалағаш ауданында жеке кәсіпкер К.Қанатбаева кент ішіндегі «Серпін» өндірістік аймағынан жаңадан мал базарын ашты. 
Ашылу рәсімінің алғашқы сөзін аудан әкімі алып, халық игілігіне төрт-түліктің төресін, ел асып, жер аспай өзіне қонымдысын – аудан орталығынан таңдайтын, заман талаптарына сай орайластырылған, белгіленген нормативтерге сай жаңа мал базары көпшіліктің сұранысын қанағаттандыратын, ел игілігі үшін қызмет ететін және бұл нысанның ашылуы кәсіпкерлерімзге берілген үлкен қолдаудың бір парасы екендігін айтып өтті.
Келесі сөз кезегін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әлиев алып, кәсіптің несібесін шырайлатып жүрген, кәсіпкер К.Қанатбаеваның жаңа жобамен ашып отырған мал базарының ашылуымен құттықтап, аудан тұрғындарының сұранысын өтейтіндігіне сенімін білдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: