Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Арал аудандық жыршы-термешілер байқауы өтті


Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Арал аудандық мәдениет орталығы КМҚК-ның ұйымдастыруымен «Майданнан хат. Майдан даласында жазылған хаттар Сыр мақамында» атты аудандық жыршы-термешілер байқауы өтті.
Онлайн байқау барысында қазылар алқасы қатысушылардың таңдаған туындысының өзектілігіне, мазмұны мен тереңдігіне баса назар аударды.
Нәтижесінде бас жүлдені дәстүрлі өнер институтының ТМИ-17-1 оқу тобы студенті Жәнібек Жақсан қанжығасына байлады. 1-орынды дәстүрлі өнер институтының студенті Бексұлтан Орынбасаров жеңіп алды. 2 - орынға дәстүрлі өнер институтының студенті Аяжан Шынберген мен Ақдана Жанділдаева (Арал қаласы) лайық деп танылды. Ал 3-орын Досымжан Құрманғалиев (Арал қаласы) пен Ақтолқын Баймұратоваға (Аманөткел елді мекені) бұйырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: