Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ОРАЛДА ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫНА ҚҰРАН СЫЙЛАДЫ

 

Бүгін Орал қаласындағы орталық мешітте өткен жұма намазына Олимпиада чемпионы Данияр мен әкесі әрі бапкері Марат Елеусіновтер қатысты, деп хабарлайды zhaikpress.kz.
Намаз алдында Құрбан айт мерекесінің тарихы, оны атап өту турасында уағыз айтқан өңіріміздің өкіл имамы Руслан Сұлтанов мәртебелі меймандарға өздерінің туған жері – Ақ Жайық өңіріне қош келдіңіздер деп айтып, кеше Рио Олимпиадасы кезде батысқазақстандықтардың да қазақстандық спортшыларға, соның ішінде Даниярға тілектес болғанын жеткізді.
– Кеше облыс әкімі берген 10 млн. теңгені науқас балалардың қорына аударғаныңызды естіп қуанып қалдық, – деді Руслан Тыныштықұлы. -Осындай игілікті ісіңіз үшін өңіріміздің жамағаты атынан Сізге ризашылығымызды білдіреміз. Сіз сияқты азаматтар көбейе берсін».
Содан кейін өкіл имам Данияр мен Марат ағамызға Құран-кәрімді сыйға тартты.
Өз кезегінде сөз алған Данияр Елеусінов қашан да тілекші болып жүрген батысқазақстандық бауырларына алғысын білдіріп, өзі Астанада тұрақты түрде мешітке баратынын, намаз оқып жүргенін де жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: