Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІБүгін аудандық жастар үйінде «Діни тұрақтылық – ұлт болашағының кепілі» атты діни конференция өтті. Конференцияны аудан әкімі аппаратының басшысы Арман Қаржаубаев ашып, қатысушыларды конференция жұмысының мақсат-міндетімен таныстырды. 
Конференцияның алғашқы баяндамашысы Жанқожа батыр» мешітінің бас имамы М.Жәмиев «Ислам шариғаты мен қазақ салт-дәстүрінің ұштастығы» жөнінде өз ойымен бөлісті. Сонымен қатар, облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының Қазалы ауданы бойынша теолог маманы Н.Нәлібаев «Ислам және ғылым» тақырыбында хабарлама жасаса, 
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бекбанов жастардың діни сауаттылығын арттыру жолында бірігіп іс-әрекет етуге шақырды.
Аудан ардагерлері, қала, кент, ауылдық округтердегі мешіт имамдары, мектептердің тәрбие ісінің меңгерушілері, психологтары, «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдері қатысқан конференцияда «Жұмақтың кілті жаныңда» және «Исламдағы жанұя» атты кітаптар таратылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: