Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СЫР ӨҢІРІНДЕ ТӨРТ ТҮЛІК БАСЫ КӨБЕЙДІ

СЫР ӨҢІРІНДЕ ТӨРТ ТҮЛІК БАСЫ КӨБЕЙДІ«Сыбаға» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 2,5 мың бас аналық сиыр және 139 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа сатып алу жоспарланған. Осыдан бүгінгі таңда 60 шаруашылық 410,3 млн теңге несие алып, 2517 бас сиыр және 141 бас бұқа сатып алды. Бұл туралы «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жаханов хабарлады.
- «Алтын сақа» бағдарламасы бойынша үстіміздегі жылы 4,0 мың бас қой сатып алу жоспарланса, осыдан бүгінгі күні 17 шаруашылық 117,1 млн теңге несие алып, 4698 бас аналық қой, 174 бас қошқар сатып алды, - деді Б.Жаханов. – Ал «Құлан» бағдарламасымен ағымдағы жылы 1,0 мың бас жылқы сатып алу жоспарланып, бүгінгі таңда 55 шаруашылық 472,7 млн теңге несие алып 1547 бас бие, 190 бас айғыр сатып алды.
Айта кету керек, мемлекет тарапынан тұрақты түрде көрсетіліп келе жатқан қолдаудың арқасында облыста мүйізді ірі қара, жылқы және түйе малының саны ең жоғары болған 1990 жылғы деңгейден асса, қойдың саны жақсы қарқынмен өсу үстінде. Облыс бойынша 2015 жылдың 1 желтоқсан өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 0,6 пайыз, қой мен ешкі 3,5 пайыз, жылқы 10,7 пайыз, түйенің саны 5,8 пайыз, құстың саны 3,6 пайызға көбейді.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: