Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетілмек

Отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетілмекОблыс әкімінің кеңесшісі Ғ.Алпысбаевтың төрағалығымен  облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы мемлекеттік сатып алу заңнамасының аясында түсіндіру және өзара пікір алмасу мақсатында дөңгелек үстел өткізді.
Бұл шараға жергілікті атқарушы органдардың, «Нұр Отан» партиясының, кәсіпкерлер Палатасының, құрылысшылар Ассоциациясының, кәсіпкерлердің, мемлекеттік емес қоғамдық бірлестіктердің, мүгедектер қоғамының, тауар өндірушілердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Шарада облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ғ.Ниязов баяндама жасап, қатысушылардың барлық ұсыныстары мен пікірлеріне және  сұрақтарына жауап берді.
Сонымен бірге, күн тәртібіндегі тақырыпты талқылау барысында басқарма басшысының орынбасарлары Т.Исмағұлов пен Ж.Ерсейітова мемлекеттік сатып алу заңнамаларына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды қолдану ерекшеліктерін түсіндірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: