Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы тағайындалды
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы тағайындалды.
Облыстық бірыңғай конкурстық комиссиясының шешімі және облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметіне Әбсаттаров Дінмұхамед Болатұлы тағайындалды.
Дінмұхамед Болатұлы 1978 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Теміржол көлігіндегі экономика және менеджмент», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Мұнайшы-инженер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» акционерлік қоғамының экономисі ретінде бастаған. 2002-2006 жылдары Жалағаш, Қызылорда облысы әкімі аппараттарында түрлі деңгейдегі лауазымда қызметте болды. 2006-2010 жылдары Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, 2010-2012 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік жолдары комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті директорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы болған.
2012-2020 жылдары «Атамекен Одағы» Ұлттық экономикалық палатасының басқарушы директоры, Алматы қаласы мен Қызылорда, Түркістан облыстарының кәсіпкерлер палатасын басқарған. 2020-2021 жылдары «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болған. 2021-2023 жылдары «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 2023 жылдың наурыз айынан бастап «Yevniy Consulting Group» компаниясының басшылық қызметте болды.