Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙ «ЖЫЛ САҚШЫСЫ» МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙ «ЖЫЛ САҚШЫСЫ» МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ2015 жылдың 25 желтоқсанында Қызылорда облысында жыл қорытындысы бойынша әр салада жемісті еңбек еткен, халыққа сапалы қызмет көрсетуде абырой биігінен көрінген азаматтарға «Жыл үздігі» номинациясы табысталды.
Шараға қатысқан аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев жыл бойы атқарған істі електен өткізіп, сол жолда жемісті еңбек еткен азаматтар мен еңбек ұжымдарын аталымдар бойынша марапаттады.
Аталмыш шараға қызметтік міндетін өтеу барысында үздік нәтижелерге қол жеткізіп, қоғамдық тәртіп пен халық тыныштығын қорғау жолында жоғары шеберлік пен қырағылық танытқан Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бөлімше бастығы полиция майоры Сүлейменов Азамат Сайынұлы қатысып, «Жыл сақшысы» аталымы бойынша марапатталды.
Сүлейменов Азамат Сайынұлы 1986 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. 2010 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.Бейсенов атындағы Академиясын бітіріп, ішкі істер органдарындағы қызметін 2003 жылдың тамыз айынан бастаған.
Оның жоғарғы деңгейде ұйымдастырған жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 17 фигурант қылмыстық топ құрықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, аса қауіпті қылмыстармен күрес бағытында барлығы 18 қылмыс дерегі анықталған.
Жыл қорытындысымен үздік деп танылған марапат иелері облыс әкімінің Дипломы мен естелік кәдесыйлармен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: