Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДАҒЫ ІЛКІМДІ ІСТЕР САРАЛАНДЫ

АРАЛДАҒЫ ІЛКІМДІ ІСТЕР САРАЛАНДЫ
Қала күнін мерекелеу барысында аудан басшысы бір топ ардагерлер қауымын аудан орталығындағы ілкімді істермен таныстырып шықты. 
Атап айтқанда, жақын арада абаттандыру жұмыстары жүргізілген Т.Есетов көшесінің бойы және орталық демалыс паркіндегі жаңғыртулар көпшіліктің көңілінен шығып, өз ризашылықтарын ортаға салды.
Сонымен қатар, нақты мерзімде жаңа асфальт жабындысы төселіп жатқан С.Сейфуллин көшесіндегі жұмыс барысы таныстырылды. Алдағы күндері көше бойына түнгі жарықтандыру мен жаяу жүргіншілер жолын төсеу жұмыстары жүргізілетіндігі айтылды.
Айта кету керек, шырайлы қаламыздың мерекесіне арнайы келген Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Наурызбай Байқадамов та аталған жағымды жаңалықтарға куә болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: