Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Облыс әкімі Қ.Ысқақов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді


Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындар жолдаған сауалдың басым бөлігі тұрғын үй, әлеуметтік көмек, жұмыссыздық, денсаулық, білім салаларына қатысты болды.
Облыс әкімінің бүгінгі қабылдауына 40 жуық азамат келді. Тұрғын үй кезегіне тіркелмей, баспана сұрап келген азаматтарға кезекке тұру заңдылығы түсіндірілді. Пәтер белгіленген ережеге сәйкес реттілігімен, кезең-кезеңімен берілетін болады.
Сонымен қатар, облыс әкімі Қ.Ысқақов жұмысқа орналасу мәселесі бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысына, жұмыссыз азаматтарды тіркеп, тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырды.
Бүгінгі қабылдауға облыс әкімінің гранты бойынша білім алып жатқан жастар да келді.Олардың бірі Ақжайық Тәжі. Анасы Баян Жайбергенова аймақ басшысына алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Ақжайық Тәжі қазір Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің педагогика психология мамандығы бойынша білім алуда. Қ.Досмайылұлы грант иегерлерін алдағы уақытта жұмыспен қамту мәселесі де назарында болатынын айтып, Тәжі Ақжайыққа оқуын жақсы бітіріп, білікті маман болуына тілектестігін жеткізді.
Айта кетейік соңғы үш жыл ішінде облыстағы мектеп түлектерінің 98 пайызы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарына түсуде. 500 аса жеткіншек Ресей Федерациясы Үкіметінің гранты есебінен Ресейдің жетекші техникалық жоғарғы оқу орындарында білім алуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: