Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жас кәсіпкер көлік жөндеу орталығын ашты

Қызылорда облысында «Жас кәсіпкер» жобасына қатысқан 5 азамат Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының филиалы мен «Қызылорда» аймақтық инвестициялық орталығынан жеңілдетілген несиеге қол жеткізді.
Солардың ішінде өз ісін ашқан Қызылорда тұрғыны Өміртай Әбен де бар. Ол автокөлік жөндеудің шебері болғандықтан, өз қаржысына көлік жөндейтін орталық салды. Бірақ, орталыққа қажет құрал-жабдықтарды сатып алуға қаржысы жетпегендіктен, «Жас кәсіпкер» жобасына қатысу үшін жұмыспен қамту орталығына өтініш берген. Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған жоба аясында оқып, кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгерді.
Оқуын аяқтаған соң 505 мың теңгенің грантына ие болды. Бұл қаржы да оның көлік жөндеу орталығын жабдықтауға жетпейтіні белгілі. Кәсіпкерлік негіздерін оқығанын куәландыратын сертификаты бар жас кәсіпкер Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан несие рәсімдеп, қажет қаржысына қол жеткізді. Қазіргі уақытта көлік жөндеу орталығы ойдағыдай жұмыс істеп тұр. Қасына тағы бір жұмысшы алып, халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Алдағы жоспарында көлік жөндеу орталығының қызмет көрсету түрлерін көбейтпек.
Айта кетейік, "Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры кәсіппен айналысамын дегендерге 5 жылға 6 процентпен 6 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі тағы бар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: