Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық шенеуніктердің дені мемсатып алулар саласында жиі жемқорлыққа барады екен

Қызылордалық шенеуніктердің дені мемсатып алулар саласында жиі жемқорлыққа барады екенҚызылордалық шенеуніктер мемлекеттік сатып алулар саласында жиі сыбайлас жемқорлыққа барады екен, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Салық, кеден, жер қатынастары және мемлекеттік сатып алулар саласында жемқорлық фактілері жиі тіркеледі, - дейді облыс прокуратурасының баспасөз хатшысы Ботагөз Сейіл. – Статистикаға сүйенсек, сыбайлас жемқорлыққа барған тұлғалардың 40%-ы мемлекеттік сатып алулар процедурасын бұзғаны үшін жауапқа тартылған». 
Бюджет қаражатын жоспарлау және бөлуде қатаң бақылау орнату мемлекеттік сатып алулар саласында заң бұзушылықтардың алдын алуға едәуір септігін тигізер еді, деген сенімде прокуратурадағылар. 
«Біздің прокурорлар биыл 60 млн теңгеден астам бюджет қаражатын негізсіз бөлу және жұмсаудың алдын алды. Қоғамда «сыбайлас жемқорлықпен күрес» ұғымын бар болғаны қандай да бір шенеунікті қылмыстық қудалаумен байланыстырады. Халық арасында қалыптасқан мұндай стереотип оң нәтиже бермесі анық. Осыған байланысты жұртшылықпен профилактикалық жұмыс өткізу маңызды», - дейді Сейіл.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: