Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АВТОКӨЛІК ЖОЛЫ УАҚЫТША ЖАБЫЛАДЫ


Құрметті Қызылорда қаласы тұрғындары мен қонақтары!
Ағымдағы жылғы 6 мамырдан бастап Байтұрсынов көшесі мен Қорқыт Ата көшесі қиылысына жол жөңдеу жүргізілуіне байланысты аталған көше қиылысында автокөлік жолы уақытша жабылатындығын хабарлаймыз.
Осыған орай, №2,3,4,6,7,10,14,15,16,17,19,21,23,27,28,30 бағыттағы қалаішілік қоғамдық көліктердің жүру бағыттары уақытша төмендегідей өзгереді:
№2,4,6,7,14,17,23 бағыттар - Тоқмағамбетов көшесінен Байтұрсынов көшесіне бұрылып, Әйтеке би көшесі арқылы Дәуітбаев көшесіне түсіп, әрі қарай өз бағыттарымен жүреді.
№3,10,15,16,22,27,28,19,21 бағыттар - Желтоқсан көшесінен Әбілхайыр хан көшесіне бұрылып, Дәуітбаев көшесі арқылы әрі қарай өз бағыттарымен жүреді.
Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз.

Қызылорда қаласы әкімдігі
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: