Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалылық оқушылар Ресейде физикадан озық шықты

Қазалылық оқушылар Ресейде физикадан озық шықтыАғымдағы жылдың 30 сәуір- 27 мамыр аралығында физика пәнінен Бүкілресейлік интернет олимпиадасына №25 орта мектептен7-8 сыныптарданбарлығы 10 оқушы қатысты. 
7-сыныптан қатысқан 5 оқушы жиналуы тиіс 30 баллдан Құлманова Сәбира 16, Әлібек Берікбол 18, Шарапат Нұрайым 18, Болат Әлия 16, Қожахметова Камила 16 баллдан жинап сертификат иеленді.  
Ал, жеңімпаз атанған 8-сыныптан 5 оқушының үшеуі Аяған Камила 26, Балғабай Әсем 26, Елтаева Элеонора 26 баллдан жинап,«Мега талант» Халықаралық интернет олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталса, екеуі Ахшай Әлия 24, ЕрпайызНұрзинат 24 баллды еншілеп,сертификат алды. 
Айта кетейік, бұл олимпиада ғаламтор желісі арқылы жүргізілді. Тапсырма әр оқушыға 20 сұрақтан тест түрінде берілген.
Осы оқушыларды дайындаған ұстаз да ескерусіз қалмады. №25 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Балнұр Мамен «Мега талант» Халықаралық интернет олимпиадасының «Куәлігі» және «Алғыс хатымен» марапатталды.  

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: