16 ақпанда Жаңақорған облысының полиция бөлімшесіне ауыл тұрғыны арызданған. Айтуынша, жайылымда жүрген бір үйір жылқылары жоғалып кеткен.
Бөлімнің учаскелік полиция инспекторларымен топ құрылып жан-жақты жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 18 бас жылқы өрісте жайылып жүргені анықталды. Полиция қызметкерлері жылқыларды тауып, иесіне қайтарды.