ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бүгін облыс әкімінің өкімімен Сұлтангереев Ринат Қалдыбекұлы Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Аймақ басшысы Ринат Қалдыбекұлының жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Ринат Сұлтангереев 1980 жылы бұрынғы Тереңөзек ауданында туған. 2002 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Қызылорда қалалық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің маманы ретінде бастаған.
2004-2012 жылдары облыстық ішкі саясат департаментінің бас есепшісі, облыстық мәслихат аппаратының бас маманы және облыс әкімінің бірінші орынбасарының көмекшісі қызметтерін атқарған.
2012-2014 жылдары облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, сондай-ақ, кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары, «Қызылорда жылу электр орталығы» кәсіпорны директорының орынбасары, ал 2014-2015 жылдары облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы қызметінде болған.
2015 жылдың маусым айынан бері Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарып келді.