Байқоңырлықтар республикалық референдумға белсенді қатысып жатыр
Бүгін – республикалық референдум! Таңғы сағат 7.00-де Байқоңыр қаласындағы 11 референдум учаскелері ашылып, өз жұмысын бастады.
Барлық референдум учаскесіне өз таңдауын жасауға алғашқы болып келген дауыс берушілерге сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, әрбір қазақстандық осы саяси науқанда өз таңдауын жасау арқылы еліміздің болашағы үшін қабылданатын маңызды саяси шешімге өз септігін тигізе алады.