Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазақстанда ыстық ауа-райы қалыптасты

Қазақстанда ыстық ауа-райы қалыптасты"Қазгидромет" 2015 жылғы 30 мамыр – 1 маусымға арналған ауа-райы болжамын жария етті. 
Жаз келді, ал онымен бірге ыстық келді. Тропосферада орналасқан ауа массаларын оңтүстік-батысқа көшіру республиканың батыс облыстарына аномальді ыстық ауа-райын әкелді. Мында бірнеше күннен бері ауа температурасы орташа климаттық температурадан 6-9º жоғары. Жақын арадағы үш тәулікте Алдыңғы Азия аудандарынан ыстық ауа Қазақстанның барлық дерлік аумағына таралады: батыста және оңтүстікте күндізгі температура +35-41º дейін, солтүстік және орталықта +28-35º дейін. Тек республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарына Батыс Сібірден салқын ауа келеді. Сондықтан мұнда кей жерлерде өткінші найзағайлы жаңбыр, бұршақ жауады, ал температура норма шамасында және орташа көп жылғы мәннен 1-3º төмен болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: