Шиелі ауданында балық өнімдерін өңдейтін цех ашылмақ. Бұл жайында аудан әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Заман талабына сай қазіргі кезде балық өнімдеріне тұтынушылар тарапынан сұраныс жоғары екені анық. Бұл бағытта мемлекет тарапынан қолайлы жағдайлар жасалынып, қолынан іс келетін адамдар шаруаларын дөңгелетуде. Соның бірі Шиелілік кәсіпкер Аманкүл Абсұлтанова. Жеке кәсіпкер «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан» 16 млн. теңге қаржы алып, балық өңдеу цехын ашуда. Бүгінде ішкі жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатқан цех толық іске қосылғанда тәулігіне 100 келі ысылған балықпен 200 келі котлет өнімі шығарылып, 4 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.