Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ШИЕЛІ АУЫЛДАРЫНДА ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫНДЫ

ШИЕЛІ АУЫЛДАРЫНДА ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫНДЫШиеліде халықты жергілікті көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. 
Бұған дәлел ретінде жыл санап жылыжайлар қатарының көбейіп келе жатқандығын атап өтуге болады. Былтырғы жылы жергілікті қауымдастықттың әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды енгізу арқылы БҰҰ даму бағдарламасы аясында ауданымыз жаңа технологияларды енгізу гранттық жобасының жеңімпазы атанды. Жобалық құны 4 млн 425 мың 600 теңгені құрайтын Иіркөл мен Алмалы ауылдық округтеріне жылыжай орналастырылды. Тәулігіне 25-30 кг өлшемде көкөніс өнім беретін жылыжайлар елді мекен тұрғындарын сапалы өніммен қамтуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: