Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫНДАҒЫ АҚАУЛАР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕДІ

АРАЛДА ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫНДАҒЫ АҚАУЛАР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕДІАғымдағы жылдың 7 қаңтары күні аудан аумағындағы электр желілерінде техникалық ақау шығып, бірқатар елді мекендер электр жарығынан ажыратылды. 
Оған ауа-райының қолайсыздығы себеп болды. Анығын айтқанда, өңірде қалың көтерілген тұманның салдарынан электр желілерінде мұзды қырау пайда болып, желілердің үзілу жағдайлары орын алды. Сонымен бірге, электр желілеріне қыраудың қатып қалуы салдарынан Қазалы және Арал аудандары аумағында электр жарығы толығымен өшірілді. 
Осыған байланысты, облыс әкімі Қ.Көшербаевтың тікелей тапсырмасымен, облыс әкімдігі жанынан жедел штаб құрылып, арнайы жұмысшы тобы іске кірісті. Шиелі, Сырдария, Қармақшы, Жалағаш аудандарынан және Қызылорда қаласынан арнайы қалпына келтіру бригадалары жұмыс жасады. 
Сонымен қатар, Арал ауданы әкімдігі жанынан да жедел штаб құрылып, барлық ауылдық округтермен байланыс орнатылды. Аудандық электр тарату торабының жөндеу және қайта қалпына келтіру бригадалары, яғни, 11 техника мен 42 жедел жасақ 5 бағыт бойынша жұмылдырылып, жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бірінші кезекте қосалқы электр қуаты көзін беретін құралдар толық іске қосылып, әлеуметтік нысандардың жылу жүйелерінің іркіліссіз жұмыс жасауы үшін тиісті шаралар қабылданды. Соның нәтижесінде, Сыр бойындағы елді мекендер мен Арал қаласы, Сексеуіл, Жақсықылыш кенттері және Қамыстыбас, Аралқұм, Сапақ, Қосаман, Ақеспе, Мергенсай, Бекбауыл, Райым елді мекендеріне электр жарығы толығымен қайта берілді. Енді Аманөткел-Жаңақұрылыс және Қарашалаң-Қаратерең бағытында құлаған 90-ға жуық бағананы және 60-қа жуық әуе желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: